
Мұражайға және театрға саяхат











2026 жылдың 11 және 16 сәуір күндері Халықаралық қатынастар факультеті, шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары А. Қадысқызы мен Ә.Қ. Мүтәлі «Шығыстану» (Ш-11) және «Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистикалық қызметі» (СПҚ-11) мамандықтарының 1 курс студенттеріне мұражайға және театрға саяхат ұйымдастырды. Саяхат алдымен Қалибек Қуанышбаев ат. Қазақ ұлттық музыкалық драма театрына барып «Шолпанның күнәсі» атты драманы көруден басталды. Кейін Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетіндегі «Күлтегін» ескерткішін және «Жазу тарихы» мұражайын саяхаттаумен жалғасты. Бұл «Мұражайға және театрға саяхат» атты іс-шаралар студенттердің ана тіліне, тарихына деген құрмет пен қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Мұражайға, театрға саяхат жасау жастарды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, Отанымыздың тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі. Жастардың бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту болып табылады.
