
«Омаров оқулары: XXI ғасырдағы биология және биотехнология» атты халықаралық ғылыми форумы







«Омаров оқулары: XXI ғасырдағы биология және биотехнология» атты халықаралық ғылыми форумы 2026 жылғы 17 сәуірде Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында өтті. Форум биотехнология және микробиология кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп, модераторы PhD, доцент м.а. Иқсат Нұргүл Нұрқанатқызы, серіктесі – «STOLAB» ЖШС болды.
Форум жұмысына студенттер, магистранттар, докторанттар және жетекші білім беру және ғылыми ұйымдардың жас ғалымдары қатысты. Қатысушылар қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Астана медицина университеті» КеАҚ, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты, сондай-ақ ғылыми зертханалар мен орталықтардың өкілдері болды. Қатысушылардың жалпы саны – 35 адам.
Форум бағдарламасы пленарлық баяндамаларды және келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстарды қамтыды: микробиология және вирусология, молекулалық биология және биотехнология, сондай-ақ тағамдық, өнеркәсіптік және медициналық биотехнология. Қатысушылар ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынып, заманауи ғылымның өзекті мәселелерін талқылады.
Форум қорытындысы бойынша секциялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
I секция:
I орын: Ажкен Бахтияр, MD., M.Sc, «Астана медицина университеті» КеАҚ;
II орын: Байкараев Жаксат, 3 курс студенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
II орын: Ауганов Алмас, 3 курс студенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
III орын: Арысова Элеонора, ғылыми қызметкер, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты;
III орын: Тынысбеков Бекболат, 1 курс магистранты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, National Laboratory Astana ғылыми қызметкері.
II секция:
I орын: Максотова Несібелі, 4 курс студенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
II орын: Абенова Анель, 3 курс студенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
II орын: Аубакирова Инкар, ғылыми қызметкер, «Қазақстандық қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
III орын: Пазылов Тамирлан, 3 курс студенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
III орын: Дробова Виктория, 2 курс магистранты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Форум жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға, тәжірибе алмасуға және қазіргі заманғы биология мен биотехнология бағыттарын насихаттауға ықпал етті.
