
Неміс тілінен халықаралық бейнебайқау өтті

Университетіміздің 30 жылдығына орай Филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының доценттері Гүлден Түсіпова мен Айман Әубәкірова Гете институтының (Германия) бастамасымен өткізіліп отырған халықаралық бейнебайқауға неміс тілдік топтарының (КТӘ 11,13, ЯФ 14) қатысуын ұйымдастырды. 2025-2026 оқу жылында шетел тілдері кафедрасында білім алатын студенттер неміс тілін оқуға ниет білдіріп, осы оку жылдан бастап бері кафедрамызда неміс тілдік топтар ашылды. Ашылған 5 топта орысша, қазақша топтар, шетелдік білімалушылар неміс тілін бастапқы деңгейден оқуда. Аз уақыт ішінде тілді меңгеріп, халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болған студенттер де бар. Білімалушылар тілдің өзін ғана емес, неміс тілді елдердің мәдениеті мен дәстүрін де игеруде. Гёте Институт неміс тілінде халықаралық «Неміс тілінде тамақ дайындаймыз» бейнебайқауын жариялағанда, біздің студенттер қазақтың дәстүрлі рецепттерін ұсынуды жөн көрді.
#GIKasachstan#Deutschlernen #kochenaufdeutsch
