
ЕҰУ-дың 30 жылдығына арналған көрме өтті







2026 жылғы 30 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына орай университеттің бас ғимаратында кең көлемді көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – университеттің ғылыми, шығармашылық және білім беру жетістіктерін насихаттау. Көрмеге университет ректоры, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және өзге де жауапты тұлғалар қатысып, ұсынылған жұмыстармен танысты.
Көрме барысында студенттердің сәулет саласы бойынша дайындаған жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Ұсынылған жұмыстар олардың шығармашылық қабілетін, кәсіби деңгейін және заманауи сәулет бағытындағы ізденістерін айқын көрсетті.
Атап айтқанда, Қуандық Айболат, Ғилаж Ботакөз Жасұланқызы сынды студенттердің жұмыстары көрмеге қойылып, мазмұндылығы мен жаңашылдығы тұрғысынан ерекшеленді.
Аталған көрме студенттердің кәсіби қалыптасуына, тәжірибе жинақтауына және шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік берді.
