
«Үздік конструкциялық модель – 2026» конкурсы өтті
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
22.04.2026 115







2026 жылғы 20 наурыз күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет кафедрасында «Үздік конструкциялық модель – 2026» атты студенттік конкурс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің конструкциялық ойлау қабілетін дамыту, инженерлік дағдыларын жетілдіру және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Конкурс барысында қатысушылар өз модельдерін қорғап, жобаларының құрылымдық ерекшеліктері мен техникалық шешімдерін таныстырды. Нәтижесінде студенттер тәжірибелік білімдерін шыңдап, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Байқау жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар үшін маңызды тәжірибе алаңына айналды.
Бөлісу:
