
ЕҰУ Жаратылыстану ғылымдары институтының химия кафедрасында «Химия ғылымының өзекті мәселелері» 3.7 секциясы бойынша «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» конференция өтті



















2026 жылғы 13 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары институтының химия кафедрасында «Химия ғылымының өзекті мәселелері» 3.7 секциясы бойынша «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» конференция өткізілді. Конференция барысында 21 ауызша баяндама ұсынылды, оның ішінде 2 онлайн-баяндама (Алматы қ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистрантының және Атырау қ. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жас ғалым-оқытушысының баяндамалары). Конференцияға химия кафедрасының студенттері, магистранттары, жас ғалымдары мен оқытушылары қатысты. Конференцияда химия ғылымының өзекті мәселелері мен заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелері қарастырылып, химия саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің заманауи мүмкіндіктері ұсынылды. Химияны оқытудың өзекті мәселелері бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған Universal Design for Learning (UDL) қағидаттарын қолдану, цифрлық симуляторларды пайдалану мүмкіндіктері және жасанды интеллектті қолдану арқылы инновациялық технологияларды интеграциялау бағытындағы зерттеулер таныстырылды.
