
ЕҰУ студенттері мен оқытушылары өңірлік экологиялық саммитке қатысты













2026 жылғы 24 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері Түркістан қаласындағы Конгресс-орталықта өткен «Климаттық әсерді ескере отырып су ресурстарын басқару» атты өңірлік сессияға қатысты.
Іс-шараға университеттің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, сондай-ақ гидрология және су ресурстарын басқару саласының мамандары қатысты. Сессияны Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы (РЭЦЦА) Халықаралық су ресурстарын басқару институтымен (IWMI) бірлесіп ұйымдастырды.
Саммит барысында қатысушылар Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі мен су ресурстарының қолжетімділігінің төмендеуіне байланысты негізгі сын-қатерлерді, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты нығайту және су менеджментінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Климаттық өзгерістерге бейімделу бойынша келісілген ұсынымдарды әзірлеуге және су ресурстарын басқарудың тұрақты тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сессия аясында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен IWMI, сондай-ақ РЭЦЦА мен IWMI арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Аталған іс-шараға ЕҰУ өкілдерінің қатысуы академиялық және кәсіби байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өңірлік экологиялық және су мәселелерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
