
ЕҰУ студенттері «Таза Қазақстан» акциясы аясында елорда аумағын қоқыстан тазартты









Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 500-ден астам студенті жалпықалалық сенбілікке қатысты. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында белсенді жастар елорданың Алматы ауданындағы аумақты қоқыстан тазартты.
Акцияның ерекше сәттерінің бірі — «Самал» саябағында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен эко-белсенділердің қатысуымен өткен ағаш отырғызу іс-шарасы болды. Аталған шараға Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің 3-курс студенті Арайлым Шандоз және Жаратылыстану ғылымдары институтының студенті Амина Исмагулова да қатысты.
ЕҰУ студенттерінің «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы елорданы таза әрі жасыл етуге ұмтылған жастарды біріктіретін игі дәстүрге айналды. Университеттің мұндай бастамалары жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
