
Магистранттардың «Саяси копирайтинг» жобасын Парламент депутаттары бағалады



Осы аптада магистранттар «Саяси копирайтинг» пәнінен 14 апта бойы жүргізген өте қызықты да қиын жобалық жұмысқа нүкте қойды.
Бұл сабақтағы ерекше сәт — магистранттардың қалалық мәслихат депутатының сайлауалды науқанына арналған жұмысын талдауға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әлішер Сатыбалдиев пен Ғалиасқар Сарыбаев, Мәжіліс депутаты Болат Керімбек, сондай-ақ факультет деканының м.а. Купаева Айсұлу мен саясаттанушылар қатысып, кәсіби тәжірибелерімен және құнды ұсыныстарымен бөлісті.
Сабақта жергілікті деңгейдегі сайлау науқанын терең түсінудің азаматтық қоғам үшін маңызы, сондай-ақ саясаттанушылар үшін бұл пәннің стратегиялық рөлі ерекше атап өтілді.
Бұл курста білім алушыларға пән оқытушысы Меруерт Кенжебайқызы электоратқа ықпал ететін мәтін жазу дағдысы мен коммуникация тетігін жетілдіруге мән беріп үйретіп қана қоймай, кәсіби практикалық мамандардан тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұйымдастырды.
Магистранттар пікірінше, «Саяси копирайтинг» пәнінің басты құндылығы — тек теориямен шектелмей, сайлау науқанында мәтін жазу мен саяси коммуникацияның сан қырын тәжірибе арқылы игеру мүмкіндігі болды.
