
Түлектердің жұмысқа орналасуы

2026 жылдың 24 сәуірінде университетте «Түлектер жәрмеңкесі – 2026» атты іс-шара өтті.Іс-шараға конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.И.Ибрагимовтың үйлестіруімен мынадай жұмыс берушілер өкілдері қатысты:
Астана қалалық прокуратурасы
Астана қалалық соты
Астана қалалық Полиция департаменті
ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы Үкіметтік мекемелерді күзету Полкі
Астана қалалық Полиция департаментінің аудандық басқармалары
ҚР сот сараптама орталығы
ҚР Заң шығару және құқықтық ақпарат институты
«Қазақтелеком» АҚ
Астана қалалық нотариалды палатасы
Астана қалалық адвокаттар коллегиясы
Ұлттық қауіпсіздік Комитеті шекара қызметі
Іс-шара барысында жұмыс берушілердің кадр жөніндегі өкілдері бітіруші түлектермен сұхбаттасып, өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынды. Жәрмеңкеге Заң факультетінің 58 бітіруші түлегі қатысты. Түлектер жұмыс берушілерге өз түйіндемелерін тапсырып, жұмысқа орналасудың заңдық талаптарымен танысты. Іс-шара барысында жұмыс берушілер тарапынан мынадай бос жұмыс орындары ұсынылды:
Астана қалалық полиция департаментінің аудандық басқармалары — 70 орын, ҚР ҰҚК шекара қызметі — 10 орын, Астана қаласы әкімдігі — 2 орын, Астана қалалық соты — 15 орын.
Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасы түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды алдағы уақытта да әртүрлі нысандарда жалғастырады.
