
ЕҰУ 30 жылдығына арналған «Legacy Cup – 2026» футбол жарысы







Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Футбол жаттықтырушысы» мамандығының 2, 3, 4 курс студенттері, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері, 2022 жылғы түлектер және түркімен студенттері арасында футбол турнирі ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара шеберлік байқасып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнир нәтижелері:
1-орын – Футбол Жаттықтырушысы 4 курс студенттері
2-орын – Түркімен студенттері «Азия» командасы
3-орын – 2022 жылғы Дене шынықтыру және спорт мамандығы түлектері
Жеңімпаз командаларға арнайы кубок пен марапаттар табысталып, олар турнирдің ең үздік ұжымдары ретінде лайықты түрде жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жүлде қатысушылардың жоғары шеберлігі мен нағыз спорттық рухын айқын көрсетті.
Турнирді ұйымдастырушылар – Еуразия ұлттық университетінің Білім жоғары мектебі.
Олардың ұйымдастыруының арқасында іс-шара жоғары деңгейде, ұйымшыл әрі достық атмосферада өтті.
Бұл турнир студенттер мен түлектерге кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, тәжірибелік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, командалық рух пен өзара сыйластықты арттыруға зор үлес қосты.
Аталған жарыс университеттің 30 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. «Legacy Cup – 2026» турнирі – дәстүр мен жаңа жетістіктердің жарқын көрінісі болды.
