
"Геодезия және картография" кафедрасында магистранттарға арналған ашық сабақ

Сәулет –құрылыс факультетінің "Геодезия және картография"кафедрасында ашық сабақтар өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес оқытушы, доктор PhD Сагатбаев Ержан Нариманович, 23.04.2026ж. М123-7311-25-01тобында ашық сабақ өткізді: Өткізу уақыты19:10-20:00.Аудитория 402,СҚФ корпусы. Дәріс. Пән: Кеңістікті деректер инфрақұрылымы. Тақырыбы: "SDI деректерін талдау және визуализациялау әдістері". Сабақ нақты тексерілген ретпен өткізілді.

Сабақ құрылымы мен жоспары нақты сақталды. Сабақтың тақырыбы мен мазмұны силлабусқа сәйкес келеді. Материалдар көлемімен мазмұны бойынша жақсы таңдалған және магистраннарға қиындық тудырмады. Белгіленген мұғалім негізгі ойларды, жүйелі ұғымдарды бөліп көрсетті. Ашық сабақтардың тақырыбы толығымен ашылды. Сабақтың логикасы еш жерде бұзылған жоқ.Тапсырма толығымен орындалды,магистраттар қызығушылықтанытты және нәтижелі жұмыс жасады.

Өткізілген дәріс сабақтар материалының мазмұны 7M07311-«Геодезия» ББ сәйкес келеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып,сондай-ақ слайд түрінде жүйеленген материалды қолдана отырып, оқытудың көрнекі әдістері қолданылды. Аталған әдіс магистрант пәндерін оқуда орынды және тиімді болып табылады. Мінез-құлық, сыртқы келбет, студенттер мен қарым-қатынас сипаты университет оқытушысына сәйкес келеді.
Қорытынды:
-сабақ жоспары толық көлемде орындалды;
-сабақтың мақсаттарына қол жеткізілді;
-ашық сабақтарды жалпы бағалау
-жақсы,сабақтар тиімді және сапалы өткізілді.
