
Теориядан тәжірибеге









2026 жылдың 24-ші сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «География» білім беру бағдарламасының студенттері аға оқытушы Сейткан А.С. жетекшілігімен “Өндірістің техникалық-экономикалық негіздері” пәнін оқу аясында “SG Holding” құрылыс компаниясының “SG-Brick” зауытына оқу-танымдық экскурсияға барды. “SG-Brick” зауыты жылына 120 миллион кірпіш өндіретін Орта Азиядағы ең ірі кірпіш өндіруші кәсіпорын болып табылады.
Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, өндіріс процесін көзбен көріп, құрылыс материалдарын өндірудің технологиялық және экономикалық ерекшеліктерімен танысу болды.
Экскурсия барысында білім алушылар:
* кірпіш өндірудің толық технологиялық процесін (шикізатты дайындау, қалыптау, күйдіру) көрді;
* өндірісте қолданылатын заманауи жабдықтармен танысты;
* шикізат көздерінің орналасуы мен өндіріс орнының географиялық факторларға тәуелділігін түсінді;
* кәсіпорынның жұмыс істеу қағидалары мен нарықтағы рөлін білді.
Экскурсиялардың география мамандығы үшін маңызы зор. Себебі студенттер өндірістің аумақтық ұйымдастырылуын, ресурстарды тиімді пайдалануды, экономикалық және өнеркәсіптік географияның нақты өмірдегі көрінісін түсінеді. Бұл олардың кәсіби көзқарасын кеңейтіп, болашақ маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді.
