
Аблаева Нинель – Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен ЕҰУ студенті

Еуразия ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 4-курс студенті Аблаева Нинель жасөспірімдер арасында өткен экипировкалы және классикалық пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында сенімді жеңіске жетіп, І орынды иеленді.
Жарыс 2026 жылғы 16–22 сәуір аралығында Қонаев қаласында өтті. Елдің 14 облысынан келген 305 спортшы қатысқан бұл чемпионат бәсекелестіктің жоғары деңгейін және жарыстың маңыздылығын айқын көрсетті.
Нинель үшсайыс бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 480 келі көтерді:
— отырып-тұру (штангамен) — 175 кг
— жатып сығымдау — 112,5 кг
— өлі тарту — 192,5 кг
Бұл жеңіс спортшының Қазақстан чемпионаттарындағы 11-ші жеңісі болып отыр. Бұл көрсеткіш оның жоғары дайындық деңгейін, мақсаткерлігін және кәсіби шеберлігін дәлелдейді.
Аблаева Нинельді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
