
Талапкерлермен кездесу



2026 жылғы 25 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «University Sports Centre» ғимаратында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында талапкерлермен кездесу өтті.
Жиынды Белькович В.Н. және Процюк Е.А. өткізді. Жиынға №8 СДЮСШОР (футбол), Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт интернатының (әйелдер футбол бөлімі) талапкерлері, сондай-ақ Астана қаласының «Жеңіс» футбол клубының талапкерлері қатысты.
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасын таныстырды. Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында кафедраның аға оқытушысы Белькович Владимир Николаевич спорт мектептері мен клубтарының тәрбиеленушілері болып табылатын спортшы талапкерлердің келуін қамтамасыз етті.
Келесі мәселелер талқыланды:
ҰБТ-да қандай пәндер тапсырылады
Шығармашылық емтихандардың нормативтері қандай
Астана қаласының Спорт басқармасынан басым құқықты қалай алуға болады
Бұл іс-шара болашақ талапкерлердің кәсіби өзін-өзі анықтауындағы маңызды кезең болды.
