
Startup Women 2026 байқауынан және қос мәртебелі жетістік
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
30.04.2026 76





Профессор Тамара Жукабаева жетекшілігімен Мұрат Аяулым «AI Security Intelligence System» жобасымен “Innotech” powered by Arizona State University магистратурасына грант иегері атанды.
Аталған жоба «Startup Women – 2026» республикалық инновациялық идеялар мен стартаптар конкурсы аясында ұсынылып, жоғары бағаланды. Байқау Қазақстанның барлық өңірлерінен 15-25 жас аралығындағы қыздарға арналған .29 сәуір күні Astana Women Summit марапатталды.
Сонымен қатар, профессор Тамара Жукабаева жақында SMIEEE мәртебесіне ие болып, Қазақстандағы IEEE Women in Engineering ұйымының Chair қызметіне тағайындалды.
Профессор Тамара Жукабаева мен студенті Мұрат Аяулымға зор жетістіктер тілейміз! Алдағы уақытта жаңа белестер мен үлкен табыстарға жете берсін!
Бөлісу:
