
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің студенттері халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

«Алтайский государственный университет » ФМББЖОО (https://www.asu.ru/) - Ресей Федерациясының Алтай өлкесіндегі (Барнаул қ.) ірі білім беру орталықтарының бірі. Аталған университетпен 2020 жылы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ (https://enu.kz/ru/) білім беру және ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасқан.
2026 жылғы наурыз–сәуір айларында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің студенттері Алтай мемлекеттік университетінің Заң институты Азаматтық құқық кафедрасы ұйымдастырған «Жеке құқық: қазіргi сын-қатерлер және даму тенденциялары» тақырыбындағы үздік студенттік ғылыми жұмысқа арналған халықаралық конкурсқа қатысты ().
Конкурс азаматтық-құқықтық ғылымның әртүрлі бағыттарын ққамтыды.З.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жаркенова С.Б. және з.ғ.д., қауымдастырылған профессор Ибрагимов Ж.И. ғылыми жетекшілігімен студенттер өздерінің ғылыми көзқарастарын таныта алды.
Конкурс қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушылары келесі секциялар бойынша жүлделі орындарға ие болды:
|
№ |
Азаматтық-құқықтық ғылым бағыттары |
Студенттің Т.А.Ә., курсы |
Ғылыми жетекшінің Т.А.Ә. |
Конкурстағы орны және марапаттау құжаты |
|
1 |
Тұрғын үй құқығының өзекті мәселелері |
Сеитова Аружан Сериковна, 2 к. |
з.ғ.к., қауымд. проф. Жаркенова С.Б. |
1 орын – 1 дәрежелі диплом |
|
2 |
Корпоративтік құқықтың өзекті мәселелері |
Асылбекова Адия Абылайбекқызы, 2 к. |
з.ғ.к., қауымд. проф. Жаркенова С.Б. |
2 орын – 2 дәрежелі диплом |
|
Бейсембаева Алуа Тюлебаевна, 2 к. |
з.ғ.к., қауымд. проф. Жаркенова С.Б. |
2 орын – 2 дәрежелі диплом |
||
|
3 |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері |
Акатова Гүлдана Жанатқызы, 2 к. |
з.ғ.к., қауымд. проф. Жаркенова С.Б. |
1 орын – 1 дәрежелі диплом |
|
4 |
Дәрменсіздік (банкроттық) қатынастарын құқықтық реттеу |
Асылбекова Адия Абылайбекқызы, Ібіжан Гауһар Әлімбекқызы, 2 к. (в соавторстве) |
з.ғ.к., қауымд. проф. Жаркенова С.Б. |
1 орын – 1 дәрежелі диплом |
|
5 |
Азаматтық құқық объектілері: дәстүрлі және цифрлық нысандары |
Ібіжан Гауһар Әлімбекқызы, 2 к. |
з.ғ.к., қауымд. проф. Жаркенова С.Б. |
3 орын – 3 дәрежелі диплом |
|
Мерейли Генрих Батырханқызы, 3 к. |
з.ғ.д., қауымд. проф. Ибрагимов Ж.И. |
1 орын - 2 дәрежелі диплом |
||
|
6 |
Мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері |
Тюлегенова Амина Амангельдиевна |
з.ғ.д., қауымд. проф. Ибрагимов Ж.И. |
1 орын – 1 дәрежелі диплом |
Жас ғалымдарымызды – болашақ заңгерлерді құттықтай отырып, оларға ғылыми ізденістерінде одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
