
Астана қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейіне танымдық экскурсия

2026 жылғы 30 сәуірде оқу-тәрбие жұмысы аясында п.ғ.к., асс. профессор М.Ж. Тусупбекова 24-09 тобының студенттерімен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы музейіне барды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру, тарихи дүниетанымын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанның әскери тарихы туралы білімдерін тереңдету болды.
Экскурсия барысында студенттер ел Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуының әртүрлі кезеңдерін қамтитын музейдің бай экспозициясымен танысты. Әсіресе, қазақ хандықтарының тарихына, Ұлы Отан соғысы кезеңіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы армиясының қазіргі даму кезеңіне арналған залдар ерекше қызығушылық тудырды. Экспонаттар қатарында әскери техника үлгілері, қару-жарақ, мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер және әскери қызметшілердің жеке заттары ұсынылды.
