
ЕҰУ студенттері CyberShield-2026 республикалық хакатонының жүлдегерлері атанды









Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институтының студенттері CyberShield-2026 республикалық хакатоны байқауында жүлделі 2 және 3 орындарға ие болды. Аталған хакатон Kozybayev University базасында өтті.
Хакатон Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Байқауға Қазақстанның 13 жоғары оқу орнынан 57 команда қатысты.
Хакатонның жүлде қоры:
2 орын — 500 000 ₸
3 орын — 300 000 ₸
2 орын — Van Gogh командасы (AI агроталдау)
AI агроталдау бағыты бойынша 2 орынды Жасанды интеллект кафедрасының Van Gogh командасы иеленді. Команда құрамы:
Серікпаева Аружан
Гибадуллина Альбина
Әбдікәрім Әсем
Айболатқызы Қарлығаш
Студенттер жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы аграрлық субсидиялар саласындағы алаяқтықты анықтауға бағытталған AgroSmart KZ жобасын ұсынды.
3 орын — Ramira командасы (AI криптәуекелдерге қарсы)
AI криптәуекелдерге қарсы бағыты бойынша 3 орынды ЕҰУ-дың Ramira командасы иеленді. Команда құрамы:
Батыр Райымбек
Ілдебай Жанэт
Команданың жобасы цифрлық активтер мен транзакциялар саласындағы алаяқтықты анықтауға және тәуекелдерді талдауға бағытталған. Шешім күмәнді белсенділікті бақылау, транзакцияларды талдау және аномалияларды анықтау үшін жасанды интеллект әдістерін қолданады. Бұл цифрлық экономиканың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
Ғылыми жетекшісі — «Компьютерлік және бағдарламалық инженерия» кафедрасының доценті Жартыбаева Макпал.
Хакатонға қатысу студенттердің жоғары дайындық деңгейін көрсетуге, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және жасанды интеллект пен цифрлық қауіпсіздік саласындағы өзекті міндеттерге тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді.
