
ЕҰУ студенттері химия пәні бойынша республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді

2026 жылғы 28–29 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы қ.) «6B053 – Химия» білім беру бағдарламалары тобы бойынша студенттер арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Зияткерлік сайысқа Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының 12 командалары қатысты. Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің намысын екі команда – «Chemtrail» және «Адамантан» қорғады. Командаларға PhD, химия кафедрасының доцент м.а. Ташенов Ерболат Ордабекович және х.ғ.к., профессор Машан Тоғжан Тұрғалиқызы жетекшілік етті.
Екі кезеңнің (теориялық және эксперименттік) қорытындысы бойынша «Адамантан» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, құрметті II орынға ие болды.
ЕҰУ командаларының құрамы:
«Chemtrail» командасы: Бақытов Сулеймен, Смағұл Ділмұхаммет, Титанов Адлет.
«Адамантан» командасы: Бекетов Жұлдыз, Вотчель Дмитрий, Масагутов Тамерлан.
Олимпиада аясында қатысушылар күрделі теориялық есептерді шешіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің зертханаларында эксперименттік тапсырмаларды орындады. Бұл студенттердің іргелі білімдері мен практикалық дағдыларын жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шараларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Студенттерімізді лайықты нәтижемен құттықтаймыз және оқу мен ғылыми қызметте табыс тілейміз!
