
ЕҰУ-да оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы онлайн өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы кеңес төрағасының орынбасары Байжұман Қашхынбайдың төрағалығымен онлайн форматта өтті.
Отырыста жоғары оқу орнының білім беру қызметіне қатысты өзекті мәселелер кең ауқымда қарастырылды.
Атап айтқанда:
Университет профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік және әдістемелік еңбектерін Ғылыми кеңесте басылымға ұсыну үшін қарастыру;
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-тың 2026 жылғы қабылдауына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша (6В07322 - Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс (2 және 3 жыл, BI Group корпоративтік келісімі бойынша), 6В04104 - Есеп және аудит (3 жыл, ЕҰУ колледжі түлектеріне), 6В06104 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (3 жыл, ЕҰУ колледжі түлектеріне)) түсу емтихандарының формасын айқындау және емтихан бағдарламаларының сұрақтарын бекіту;
«Түлек моделі» стратегиясын бекіту.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша жан-жақты баяндамалар жасалып, кеңес мүшелері тарапынан қызу талқылау жүргізілді, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдері белгіленді.
Отырысты қорытындылаған Оқу-әдістемелік кеңес төрағасының орынбасары Б. Қашхынбай қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
