
«Академиялық жазу» курсы аясында «Ғылыми мақала» тақырыбында ғылыми семинар

2026 жылдың 25-сәуірінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (ОЗҒ №321, АБАЙ атындағы дәрісхана) «Академиялық жазу» курсы аясында «Ғылыми мақала» тақырыбында ғылыми семинар оффлайн және онлайн форматта өтті. Семинарға докторантурада білім алушылар, жас зерттеушілер қатысты. Семинарды жүргізуші оқытушы-зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанат Аймұхамбет ғылыми мақала тақырыбын таңдау, зерттеу сұрағын дұрыс қоя білу, мақала құрылымын нақтылау, басылымға ұсыну тәртіптері туралы түсіндірді.
Ғылыми мақала әзірлеудегі басты мәселе – тақырыпты анықтап, нақты зерттеу нысанын таңдап, жүйелі бағытты анықтау екендігі жан-жақты талқыланды. Семинарда, сондай-ақ, ғылыми стиль, зерттеу әдісінің дұрыс таңдалуы ғылыми мақаланың талапқа сай орындалуын қамтамасыз ететіні айтылды. Мақаланың құрылымы, рәсімделуі, әдебиеттер тізімі мен дәйексөздер, сілтеммелердің берілу тәртібі туралы кафедраның аға оқытушысы, PhD әрі семинар модераторы Аслан Алимбаев та толық ақпарат берді.
Семинар сілтемесі: https://teams.microsoft.com/meet/46856927727160?p= Gh64nMLwF8Hi31z8Tb
