
ЕҰУ профессоры Оңайгүл Тұржан Ақтаудағы «Кітап Керуен» жобасының құрметті қонағы болмақ
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
15.05.2026 28

Рухани кездесуге шақыру
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғарғы мектебінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын Оңайгүл Тұржан Ақтау қаласында өтетін ауқымды «Кітап Керуен» жобасына арнайы құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы әрі танымал қаламгермен өтетін бұл кездесу оқырмандар үшін нағыз рухани азық болмақ. Жоба аясында әдебиет, медиа және қазіргі қоғамдағы кітаптың рөлі жайында еркін форматта сұхбат жүргізіледі.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 19а ықшамауданы, 1/2, Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы.
Уақыты: 15-16 мамыр, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.
Бөлісу:
