
ЕҰУ инклюзивті қолдау орталығы «Тең мүмкіндіктер» Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

Инклюзивті қолдау орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы Мансап орталығының мекемесінде биыл бітіретін ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге арналған «Тең мүмкіндіктер» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге түрлі ұйымдар мен жұмыс берушілердің өкілдері қатысып, өздерінің өзекті бос жұмыс орындарын, тағылымдамадан өту бағдарламаларын және кәсіби өсу мүмкіндіктерімен таныстырды. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, үміткерлерге қойылатын талаптар, еңбек жағдайлары мен мансаптық даму перспективалары туралы ақпарат алды.
Сонымен қатар, түлектерді жұмыспен қамтуға және алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтауға бағытталған «Жастар практикасы» бағдарламасы жөнінде толық мәлімет берілді.
Шараның мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастарды жұмыспен қамтуда тең мүмкіндіктер қалыптастыру, олардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және еңбек нарығына сәтті шығуына жағдай жасау.
Кездесу барысында Мансап орталығының мамандары жұмысқа орналасу сұхбатынан өту және кәсіби мансапты қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес берді. Қатысушылар мұндай бастамалардың инклюзивті қоғамды дамытуға және жастар арасындағы жұмыспен қамту деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Тең мүмкіндіктер» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі әрбір жас маманның денсаулық ерекшеліктеріне қарамастан өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін қолжетімді әрі қолдаушы ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
