
ЕҰУ оқытушылары жасанды интеллект құралдарын меңгеруде

Онлайн оқыту департаментінің ұйымдастыруымен университетімізде профессор-оқытушылар құрамына арналған «Microsoft Learn for Educators: AI Technical Foundations Bootcamp» бағдарламасының алғашқы офлайн сессиясы өтті. Іс-шараны Microsoft компаниясының ЖИ және білім беру технологиялары саласындағы сарапшы Андрей Андреев жүргізді.
Bootcamp барысында қатысушылар жасанды интеллекттің негізгі қағидаларымен, Microsoft AI құралдарымен және оларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ Microsoft Learn платформасының функционалы, AI-900 және AI-102 курстары бойынша оқу материалдары мен сертификаттау бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Бағдарлама оқытушылардың жасанды интеллект саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ оқу үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.
Bootcamp аясындағы келесі онлайн сессиялар 2026 жылғы 18–19 мамыр күндері Microsoft Teams платформасында өтеді.
