
2025-2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Мемлекеттік аудит» кафедрасында өткізілген ғылыми семинарлар жөнінде

2025-2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Мемлекеттік аудит» кафедрасында ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін арттыру және докторанттардың зерттеу жұмыстарын талқылау мақсатында 4 ғылыми семинар өткізу жоспарланған болатын. Жоспар толық көлемде орындалды.
Өткізілген ғылыми семинарлар барысында мемлекеттік аудит және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы (баяндамашы - докторант Жахметова А.К.) аграрлық саясат (баяндамашы - докторант Қапан Н.М.), жасанды интеллект технологияларын ғылым мен білім беру саласында қолдану (баяндамашы- кафедра менгерушісі м.а., PhD Спатаева С.Б.), сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінің халықаралық тәжірибесі (баяндамашы – PhD,қауымдастырылған профессор Жуматаева Б.А.) мәселелері қарастырылды.
Кафедра алдағы уақытта да ғылыми семинарлар өткізіп, ғылыми әлеуетті арттыру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.
