
Отан алдындағы ант қабылдау рәсімі өтті
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
16.05.2026 43

2026 жылғы 5 мамыр күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әскери кафедрасының арнайы даярлығынан өткен «6В04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының студенттері Азимбаев Ералы, Нүсіпқұл Махамбет, Талғаров Дәулет, Олжабаева Аружан және Жеңісбекұлы Ақарыс Отан алдындағы әскери анттарын қабылдады.
Салтанатты рәсім жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше патриоттық рухта өтті. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына 4 запастағы офицер мен 1 сержант қосылды. Университет ұжымы жас сарбаздарды маңызды белеспен құттықтап, ел қауіпсіздігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.
Бөлісу:
