
ЕҰУ-да «Eco water zone» таза ауыз су аймағы ашылды

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті-нің 30 жылдық мерейтойы аясында Жоғары білім беру мектебінің бастамасымен №4 оқу ғимаратында «Eco water zone» таза ауыз су аймағының салтанатты ашылуы өтті.
Аталған жоба - университет түлегімен бірлесіп жүзеге асқан маңызды экологиялық бастама. Жобаның негізгі мақсаты - студенттер мен қызметкерлерді сапалы фильтрленген ауыз сумен қамтамасыз ету, пластик бөтелкелерді пайдалануды азайту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында Думан Айтмагамбетов және Жоғары білім беру мектебінің директоры Баубек Сомжүрек құттықтау сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды. Спикерлер жастар арасында экологиялық жауапкершілік пен саналы тұтыну мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.
«Eco water zone» – университеттің тұрақты даму қағидаттарын қолдауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға және қолжетімді таза ауыз су мәдениетін дамытуға бағытталған жоба.
