
Адам және жасанды интеллект: ЕҰУ-де «Біріккен Ұлт жеңеді!» VI халықаралық бейнематериалдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты VI халықаралық бейнематериалдар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 2020 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жоба биыл ЕҰУ-дің құрылғанына 30 жыл толу мерейтойы және еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында өткізілді.
Байқаудың биылғы тақырыбы «Адам және жасанды интеллект – жаңа коммуникация формасы». Ауқымды жобаның идея авторы және жетекшісі «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, белгілі тележурналист, Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры Ұлбосын Мейірбекқызы Есенбекова.
Сәуір-мамыр айларының қорытындысы бойынша байқауға АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Испания, Жаңа Зеландия, БӘӘ, Қырғызстан және отандық жетекші жоғары оқу орындарынан 100-ден астам үздік жұмыс келіп түсті.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздар:
Гран-При:
Ералықызы Алинура (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) — ғылыми жетекшісі: Омаров Бауыржан Жұмаханұлы.
I орын:
Әбдықалық Нұрасыл Болатұлы (Қызылорда «Болашақ» университеті) — ғылыми жетекшісі: Серкебаев Дауренбек Жубаевич.
II орын:
Динистанова Малика Дөөлөткелдиевна (Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті) — ғылыми жетекшісі: Амангелдиева Гүлмира Сабырқызы.
Нұрсұлтан Ақжол (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) — ғылыми жетекшісі: Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы.
III орын:
Кожагулова Гульдаурен Аргыновна (С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті) — ғылыми жетекшісі: Бекжанова Данагүл Бекболатқызы.
Бахарбеков Рамазан (University of Chicago, АҚШ) — ғылыми жетекшісі: Ақжол Нұрсұлтан.
Рахымбай Нұрсұлтан (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) — ғылыми жетекшісі: Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы.
Байқау шеңберінде цифрлық медианың үздіктерін анықтаумен қатар, қазақ руханияты мен журналистикасының аңыздарына айналған тұлғалар атындағы 16 арнайы номинация табысталды. Жеңімпаздарға марапатты отандық жетекші телеарна директорлары, белгілі медиаменеджерлер мен ЕҰУ профессорлары табыстады:
Күлтегін атындағы номинация — Ақназар Ишанғали (Нұр-Мүбарак университеті). Марапаттаушы: Назым Стамбекова («Хабар 24»).
Үздік идея — Тастемиров А., Ахтаев И. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Марапаттаушы: Жалғас Алтаев («Qazaqstan» ҰТА).
Үздік режиссура — Алдашбек Мерей Өмірбекқызы (Қызылорда «Болашақ» университеті). Марапаттаушылар: Гүлмира Әшірбекова (ЕҰУ) және Ғалымжан Кеңшілік.
Үздік продюсерлік жұмыс — Қуатбек Аймарал, Жансая Таңырқұл (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Марапаттаушы: Мөлдір Мұқан (продюсер, кәсіпкер).
Үздік контент — Кемеңгер Қуатбек Қайырбекұлы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Марапаттаушы: Серік Тахан (ЕҰУ профессоры).
Камал Смайылов атындағы номинация — Турсинхан Айдархан Асылович (MNU). Марапаттаушылар: Сәуле Тапанова (ЕҰУ) және Азамат Әбілқайыр.
Үздік операторлық жұмыс — Филиппов Данил Вадимович (БҚИТУ). Марапаттаушылар: Амангелді Шурентаев (ЕҰУ) және Ардақ Сағидолла.
Шерхан Мұртаза атындағы номинация — Серкебаев Дауренбек Жубаевич (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Марапаттаушы: Данияр Қайыртай («Qazaqstan» ҰТА).
Сағат Әшімбаев атындағы номинация — Абаков Амир Нурланович (MNU). Марапаттаушылар: Ысқақ Егембердиев (PhD) және Динара Кунафина.
Фариза Оңғарсынова атындағы nominalция — Кадылбекова Адема Кайраткызы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Марапаттаушы: Гүлжаухар Болатова (ЕҰУ профессоры).
Лязиза Аймашева атындағы номинация — Орысқұлова Лунара Елдарқызы (Ақтөбе университеті). Марапаттаушы: Ұлбосын Есенбекова (байқау жетекшісі).
Сұлтан Оразалин атындағы номинация — Кемеңгер Айсамал Қайырбекқызы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Марапаттаушылар: Ардак Қасымхан және Әбілқайыр Азамат.
Үздік монтаж — Алпысбек Нұрай Қанатқызы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Марапаттаушылар: Айжан Пернебекова (ЕҰУ) және Ернар Нысанбай.
Марат Барманқұлов атындағы номинация — Ержанова Айгерім (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Марапаттаушылар: Жанар Манаева (ЕҰУ) және Алла Гаврина.
Бейсен Құранбек атындағы номинация — Айвар Абдрашұлы (Stanford University, АҚШ). Марапаттаушылар: Гүлмира Амангелдиева (ЕҰУ) және Аяулым Мұратқызы.
Ғаділбек Шалахметов атындағы номинация — Сырым Құрмаш (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Марапаттаушылар: Мұхтар Өміртай және Асқар Меңдібаев.
Марапаттау рәсімін ЕҰУ Ректоры – Басқарма Төрағасы Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, проректор Индира Садыбекқызы Рыстина және «Евразия ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қамзабекұлы Мыңбай құттықтау сөзбен ашып, қатысушылардың еңбегіне жоғары баға берді.
Салтанатты шараға академиялық қауымдастықтан Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің директоры Нұржан Қуантайұлы Қуантаев, Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Қайрат Өмірбайұлы Сақ, Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Шайтмағанбетқызы Әшірбекова, Журналистика және медиаөнер кафедрасының меңгерушісі Амангелді Мейрамұлы Шурентаев және басқа да профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Медиасала өкілдерінен «Хабар 24» телеарнасы жаңалықтар қызметінің бас редакторы Назым Дауталиевна Стамбекова, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры Жалғас Сәдібекұлы Алтаев, «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Нұртас Солтанұлы Көшеров, «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы Айна Задабекқызы Задабек, медиаменеджер, PhD Ысқақ Дүйсенбайұлы Егембердиев шақырылды.
Сонымен қатар, жиынға телеарналардың танымал жүргізушілері мен мамандары қатысты: «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі Ғалымжан Кеңшілік, «Хабар» телеарнасы «7 күн» бағдарламасының жүргізушісі Ардақ Сағидолла, «Qazaqstan» ҰТА «Апта» бағдарламасының аналитик-редакторы Данияр Қайыртай, «24.kz» жаңалықтар қызметінің жүргізушісі Динара Кунафина, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Баян Бақкелді, «Qazaqstan» «Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі Алла Гаврина, «Еуразия - Бірінші арна» жаңалықтар жүргізушісі Аяулым Мұратқызы, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Асқар Меңдібаев, «Қазақстан» ҰТА «Ізгілік формуласы» бағдарламасының автор-жүргізушісі Мұхтар Өміртай, «24KZ» жаңалықтар жүргізушісі Азамат Әбілқайыр, «24.kz» видеоинженері Ернар Бауыржанұлы Нысанбай және танымал тележүргізуші Ардақ Қасымхан.
Салтанатты кеш ресми жиын ғана емес, нағыз шығармашылық мерекеге ұласты. Белгілі продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан мен Айым Тұрсынбекқызы Ерболат Қарақойшының «Елім де, жерім де» әнін нақышына келтіре орындаса, ЕҰУ докторанты, ақын Нұрсұлтан Рахымбай өзінің авторлық «Елге хат» атты поэтикалық туындысын оқып, көрерменді тебірентті. Жиын соңында докторант Серкебаевтың орындауындағы «Жасай бер, Қазақстан» әні шырқалып, салтанатты кештің шымылдығы жабылды.
Жасанды интеллект дәуірінде адамзаттық құндылықтар мен жаңа медиа коммуникацияны тоғыстырған бұл байқау жас таланттардың басын қосып, болашақ цифрлық журналистиканың көкжиегін кеңейте түсті.
