
British Council ұйымы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ арасында Шетел тілдері кафедрасының бастамасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2026 жылғы 18 мамырда British Council ұйымы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ арасында Шетел тілдері кафедрасының бастамасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум болашақта халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және оқытушылар алмасуын дамытуға бағытталған.
Меморандумға ЕҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры A.Б. Бейсенбай және Британдық кеңестің Қазақстандағы өкілдіктің директоры Роберт Тэйлор қол қойды. Іс-шараға сондай-ақ Орта Азия бойынша бөлімінің басшысы А. Цой және емтихандарды ұйымдастыру жөніндегі менеджер Г. Қадолда қатысты. Қонақтар университеттің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға шақырылды.
Кездесуге Филология факультетінің деканы С.M. Дүйсенғазы, Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі П.Ж. Балхимбекова, сондай-ақ аға оқытушылар Б.Г. Смагулова мен А.К. Садыковова қатысты.
Кездесу соңында қонақтар Жазу тарихы музейін аралап, Күлтегін жазбалары және түркі жазба мұрасының маңыздылығы жөнінде құнды мәліметтер тыңдады.
