
ЕНУ докторанттары Чанаккале Онсекиз Март университетінің кітапханасында Түркияның педагогикалық білім беру тәжірибесін зерттеді

2026 жылдың 04-18 мамыр аралығында ЕҰУ «8D01103 - Педагогика және психология» БББ докторанттары Чанаккале Онсекиз Март университетінің Орталық кітапханасында жұмыс жасады. Университеттің ғылыми кітапханасында жүйелі түрде келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
- түрік және шетелдік авторлардың монографияларын зерделеу;
- түрік және халықаралық педагогикалық журналдардағы жарияланымдармен танысу;
- педагогикалық мамандықтардағы оқу-тәрбие үрдісінің жүзеге асырылуы бойынша әдістемелік материалдарды зерттеу.
Болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, білім беру үдерісінде педагогикалық тұғырларды қолдану, Түркияның жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушыларды даярлау тәжірибесі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері және болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған әдістемелік тәсілдер, инклюзивті білім беру жағдайында ееркше білім алушыларды оқыту үрдістері зерделенді.
