
ЕНУ докторанттары Чанаккаледе ашық сабаққа қатысып, педагогикалық білім беру тәжірибесімен танысты

2026 жылдың 19 мамырында ЕҰУ «8D01103 - Педагогика және психология» БББ докторанттары Чанаккале Онсекиз Март университетінің (ÇOMÜ) университетінің магистранты Атилла Демирдің «Балақай» мемлекеттік балабақшасында өткізілген ашық сабағына қатысты. Докторанттар ашық сабақты талқылауға белсенді қатысып, қолданылған әдістемелік тәсілдердің зерттеу мақсатына сәйкестігі, олардың тиімділігі және тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Бұл іс-шара тағылымдама мазмұнын тереңдетуге, зерттеу тәжірибесін кеңейтуге және ғылыми-педагогикалық талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Осы күні докторанттар Чанаккале қаласындағы мемлекеттік орта мектепке барды, оларды осы мектептің мұғалімі, әрі Чанаккале Онсекиз Март университетінің (ÇOMÜ) докторанты Седат Якут қабылдады. Оның ғылыми қызығушылықтары білім берудегі көшбасшылық, цифрлық трансформация, сондай-ақ мектеп директорларының цифрлық көшбасшылығымен байланысты. Мектепте оқушыларға болашақ мамандықты таңдау мәселелері бойынша кәсіби бағдар кабинеті жұмыс істейді. Осы кабинетте 11-сынып оқушыларымен педагогикалық мамандықтар, олардың маңызы, ерекшеліктері және білім беру саласындағы кәсіби даму перспективалары туралы әңгіме жүргізді.
