
ЕҰУ-да «Біріккен Ұлт жеңеді!» VI халықаралық бейнематериалдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты VI халықаралық бейнематериалдар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 2020 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жоба биыл ЕҰУ-дің құрылғанына 30 жыл толу мерейтойы және еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында өткізілді.
Байқаудың биылғы тақырыбы «Адам және жасанды интеллект - жаңа коммуникация формасы». Ауқымды жобаның идея авторы және жетекшісі «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, белгілі тележурналист, Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры Ұлбосын Есенбекова.
Сәуір-мамыр айларының қорытындысы бойынша байқауға АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Испания, Жаңа Зеландия, БӘӘ, Қырғызстан және отандық жетекші жоғары оқу орындарынан 100-ден астам үздік жұмыс келіп түсті.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздар:
Гран-При:
Ералықызы Алинура (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
I орын:
Әбдықалық Нұрасыл Болатұлы (Қызылорда «Болашақ» университеті).
II орын:
Динистанова Малика (Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті).
Нұрсұлтан Ақжол (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
III орын:
Кожагулова Гульдаурен Аргыновна (С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті).
Бахарбеков Рамазан (University of Chicago, АҚШ).
Рахымбай Нұрсұлтан (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Байқау шеңберінде цифрлық медианың үздіктерін анықтаумен қатар, қазақ руханияты мен журналистикасының аңыздарына айналған тұлғалар атындағы 16 арнайы номинация табысталды. Жеңімпаздарға марапатты отандық жетекші телеарна директорлары, белгілі медиаменеджерлер мен ЕҰУ профессорлары табыстады:
Күлтегін атындағы номинация - Ақназар Ишанғали (Нұр-Мүбарак университеті).
Үздік идея - Тастемиров А., Ахтаев И. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Үздік режиссура - Алдашбек Мерей Өмірбекқызы (Қызылорда «Болашақ» университеті).
Үздік продюсерлік жұмыс - Қуатбек Аймарал, Жансая Таңырқұл (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Үздік контент - Кемеңгер Қуатбек. Қайырбекұлы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ). Камал Смайылов атындағы номинация - Турсинхан Айдархан Асылович (MNU).
Үздік операторлық жұмыс - Филиппов Данил Вадимович (БҚИТУ). Шерхан Мұртаза атындағы номинация - Серкебаев Дауренбек Жубаевич (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Сағат Әшімбаев атындағы номинация - Абаков Амир Нурланович (MNU).
Фариза Оңғарсынова атындағы nominalция - Кадылбекова Адема Кайраткызы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Лязиза Аймашева атындағы номинация - Орысқұлова Лунара Елдарқызы (Ақтөбе университеті).
Сұлтан Оразалин атындағы номинация - Кемеңгер Айсамал Қайырбекқызы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Үздік монтаж - Алпысбек Нұрай Қанатқызы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Марат Барманқұлов атындағы номинация - Ержанова Айгерім (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Бейсен Құранбек атындағы номинация - Айвар Абдрашұлы (Stanford University, АҚШ).
Ғаділбек Шалахметов атындағы номинация - Сырым Құрмаш (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Марапаттау рәсімін ЕҰУ Ректоры Ерлан Сыдықов, проректор Индира Рыстина және «Евразия ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Мыңбай құттықтау сөзбен ашып, қатысушылардың еңбегіне жоғары баға берді.
Салтанатты шараға академиялық қауымдастықтан Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің директоры Нұржан Қуантаев, Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Қайрат Сақ, Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Шайтмағанбетқызы Әшірбекова, Журналистика және медиаөнер кафедрасының меңгерушісі Амангелді Мейрамұлы Шурентаев және басқа да профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
