
«Digital Law Hackathon»

2026 жылғы 30 сәуірде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Digital Law Hackathon» атты республикалық хакатон жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Аталған беделді білім додасына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері белсенді қатысып, өздерінің терең білімдері мен жоғары дайындықтарын көрсетті. Қатысушылар құқық саласындағы цифрлық инновациялар мен заманауи шешімдерді ұсыну арқылы ерекше көзге түсіп, университет абыройын асқақтатты.
Байқау қорытындысы бойынша студенттер жүлделі II және III орындарды иеленіп, ақшалай сыйлықтармен, университет мерчтерімен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл жетістік – студенттердің табандылығы мен кәсіби ізденісінің, сондай-ақ университеттің сапалы білім беру жүйесінің айқын көрінісі.
