
Cтуденттер Альянсының кеңейтілген жиналысы
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
18.05.2026 7

2026 жылдың 6 мамыр күні Еуразия ұлттық университетінің студенттер Альянсының 2025-2026 оқу жылының қорытынды кеңейтілген жиналысы өтті. Кеңейтілген жиналысқа 10 факультет қатысып, жыл бойы жасаған жұмыстарына есеп берді. Заң факультеті студенттер Альянсы|Жақып Ақбайұлы жастары Хакім Абайдың «Толық адам» концепциясы бойынша барлығы 32 шара өткізді. Кеңейтілген жиналыста 2 жарты жылдық бойынша Заң факультеті «Үздік мәдениет» номинациясымен және төраға кеңесшісі Қанатұлы Есбол «Үздік кеңесші» номинациясымен марапатталды. Бұл еңбек пен жасалған жұмыстың нағыз көрсеткіші емес. Біз алмайтын асу жоқ!
Бөлісу:
