
ЕҰУ «Университет глазами ребенка» байқауының қорытындысын шығарды

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойын атап өту аясында онлайн оқыту департаменті ұйымдастырған «Университет баланың көзімен» атты бейнероликтер байқауы өз мәресіне жетті. Бұл ерекше жоба университеттің имиджін жас ұрпақтың шынайы әрі креативті көзқарасы арқылы танытуға бағытталған.
Байқауға 6 айлық бүлдіршіннен бастап 18 жасқа дейінгі балалар қатысып, өздерінің шығармашылық әлеуетін паш етті. Қазылар алқасының шешімімен бойынша келесідей жеңімпаздар анықталды.
Бас жүлде: Ақсана Жұмаш;
І дәрежелі диплом: Аружан Төлеген;
ІІ дәрежелі диплом: Батырхан Нуржанов;
ІІІ дәрежелі диплом: Бейбарыс Әбдіразақ.
Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқаны үшін Мағжан Құрманғали, Аиша Құрманғали және Қасым Укенов арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
«Бұл байқау біздің болашағымыздың университетке деген махаббатының көрінісі. Балалардың шынайы көзқарасы бізге тың шабыт сыйлайды», - деп атап өтті ЕҰУ цифрландыру жөніндегі проректор Гүлмира Бекманова.
Жеңімпаздардың бейнероликтерінде университеттің оқу ғимараттары, кампус өмірі және білім ордасының атмосферасы балалардың ерекше қиялымен бейнеленген. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
