
Эге университетіне ғылыми іссапар
#ENUscience
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
21.05.2026 25

2026 ж. 10-18 мамыр аралығында Қазақ тіл білімі кафедрасының проф.м.а., ф.ғ.к., AP23488671 «Қазақ жастарының этномәдени санасының тілдік көріністері» ғылыми жобасының жетекшісі М.К.Ахметова Эге университеті Түркі дүниесін зерттеу институтының (Түркия, Измир қ.) профессорлары З.Каймаз, И.Шахин, Р.Мухаммед, Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің профессоры М.Онер және басқа да ғалымдармен мазмұнды кездесу өткізіп, жобаның жүзеге асырылу барысын талқылады.
Ассоциациялық сөздікті түзудің әдіснамалық-теориялық негіздері талданып, ғылыми-зерттеудің нәтижелері апробацияланды. М.К.Ахметова профессор-оқытушылар мен докторанттарға «Этномәдени сананың тілдік көріністері: эмпирикалық зерттеу» тақырыбында дәріс өткізді
Бөлісу:
