
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы халықаралық алмасу бағдарламасының қатысушыларын қабылдады

Халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аударма теориясы мен практикасы кафедрасы Әзербайжан тілдер университетінің (ADU) оқытушылары Айгюн Солтанзаде мен Кямаля Гурбанлыны қабылдады. Сапар барысында қонақтар кафедраның қызметімен, білім беру үдерісімен танысып, академиялық кездесулер мен семинарларға қатысты. Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі Акижанова Диана Мұратқызымен кездесу өтіп, онда халықаралық ынтымақтастық, ғылыми қызмет және академиялық ұтқырлықтың болашағы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ADU оқытушылары студенттермен кездесіп, Әзербайжан тілдер университетін таныстырып, Әзербайжанның білім беру және мәдени өмірі туралы әңгімеледі. Бұдан бөлек, сапар аясында ағылшын тілінде «Turkey and Kazakhstan relations» және «Azerbaijan and Kazakhstan relations» тақырыптарында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қатысушылар баяндама жасап, халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы ADU оқытушыларына сапары, кәсіби тәжірибе алмасуы және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
