
«Менеджмент» кафедрасының 2-3 курс білім алушылары өндірістік практикаға жіберілді

«Менеджмент» кафедрасы 2025-2026 оқу жылының академиялық күнтізбесі мен оқу жоспарына сәйкес, 6В04101 – «Менеджмент» және 6В04103 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс білім алушыларын 2026 жылдың 18 мамыр – 20 маусым аралығында өндірістік практикадан өтуге жіберді. Өндірістік практика білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және болашақ мамандығы бойынша практикалық тәжірибе жинақтауына бағытталған. Практика барысында білім алушылар мекеме қызметімен танысып, басқару үдерістеріне қатысып, құжаттармен жұмыс істеу, ұйымдастырушылық және талдау жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе жинақтайды. Практика жұмысына жауапты Е.М. Әбенов, практика жетекшілері Г.С. Жансейтова, Қ.Т. Ауезова, А.А. Сейсенбинова білім алушылармен ұйымдастыру жиынын өткізіп, өндірістік практика кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы мен еңбек тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында білім алушыларға:
– практика басталар алдындағы қауіпсіздік нұсқаулықтары;
– ішкі тәртіп пен еңбек ережелерін сақтау;
– басшының рұқсатынсыз жұмыс орнын тастап кетпеу;
– электр құрылғылары мен кеңсе техникасын қауіпсіз пайдалану;
– құжаттармен және құпия ақпаратпен ұқыпты жұмыс істеу;
– төтенше жағдайларда жауапты тұлғаларға жедел хабарлау;
– жеке қауіпсіздік пен еңбек гигиенасын сақтау талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, практика жетекшілері тарапынан университеттің «Smart» жүйесі арқылы білім алушыларға жеке тапсырмалар бекітіліп, әдістемелік нұсқаулар мен кеңестер берілді. Практика кезеңінде жетекшілер тұрақты бақылау жүргізіп, білім алушылар мен практика базалары арасындағы байланыс жүйелі түрде қамтамасыз етіледі. Кафедра ұжымы білім алушыларға өндірістік практика барысында мол тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктіліктерін арттыруға және алдағы қызмет жолында табысты нәтижелер көрсетуіне тілектестік білдіреді.
