
«Кескіндеме әлемі» атты шығармашылық көрме

4 мамыр күні «Сәулеттік дизайн» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің «Кескіндеме әлемі» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара «Кәсіби кескіндеме» пәні аясында өтті. Көрмені педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Турикпенова Сандугаш Жумановна ұйымдастырды. Көрменің мақсаты – студенттердің шығармашылық ізденістерін қолдау, кәсіби шеберлігін дамыту және дизайн өнері арқылы көркем ойлау қабілеттерін шыңдау. Көрмеде Жоламан Алма, Исламғали Айдана, Құрманова Дана, Абулкайрова Айшабибі, Рамазан Кәусар, Токушова Аяулым, Абшүкир Лайлим және басқа да үздік студенттердің кәсіби кескіндеме пәні бойынша алған білімдерінін нәтижесі ретінде дайындалған шығармашылық жұмыстары ұсынылды.
Көрмеге 90-ға жуық шығармашылық этюдтер, зарисовкалар және аудиториялық жұмыстар қойылды. Әрбір жұмыс болашақ дизайнерлердің көркемдік талғамын, кеңістікті сезіну қабілетін және авторлық көзқарасын айқын көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып, орындау техникасы мен шығармашылық идеялары жөнінде пікір алмасты.
Көрме студенттердің кәсіби бағыттағы алғашқы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. Көрме қонақтары жас суретшілердің еңбектеріне жоғары баға беріп, шығармашылық табыс тіледі.
