
30 жылдан кейінгі ЕҰУ қандай болады: эссе байқауының қорытындысы

Университеттің 30 жылдық мерейтойы аясында «ЕҰУ болашағы: алдағы отыз жылда қандай университетті көргіміз келеді?» тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқау университеттің стратегиялық дамуына ұжымдық көзқарасты дамытуға және академиялық қоғамдастықты ЕҰУ болашағын талқылауға тартуға бағытталған.
Ұйымдастыру комитетіне 250-ден астам эссе келіп түсті, конкурсқа қатысушылар арасында университет кафедраларының өкілдері, оқытушылар құрамы мен студенттер болды. Жұмыстар дайындықтың жоғары деңгейін, шығармашылық көзқарасты, университеттің қазіргі қоғамдағы рөлін терең түсінуді көрсетті. Білім берудің, инновациялардың және академиялық ортаның дамуының болашағына деген көзқарас ерекше құнды болды.
Байқау нәтижелері:
І дәрежелі диплом:
ӘБП санаты бойынша - Ермек Комекбаев;
ПОҚ санаты бойынша - Аяжан Куатова.
Білім алушылар - Айтолқын Балтабай, Дильназ Нұрбек.
ІІ дәрежелі диплом:
ӘБП санаты бойынша - Абдулазиз Абилхасен, Маншук Елюбаева.
ПОҚ санаты бойынша - Ақнұр Есмағамбет, Оңайгүл Тұржан.
Білім алушылар - Диляра Исенова, Ерасыл Алпысбайұлы, Уәлихан Садвақасов, Темірлан Шакиржанов.
ІІІ дәрежелі диплом:
ӘБП санаты бойынша - Ляззат Бургеғұл, Томирис Асылханова.
ПОҚ санаты бойынша - Саягуль Карыбаева, Айгерим Мұрат, Дмитрий Постолюк.
Білім алушылар - Анеля Иргибаева, Акбота Искакова, Айгерім Сабит.
Келесі номинациялар:
«Креативті эссе» - Аллаберген Ғажайып;
«Инновациялық ойлау көшбасшысы» - Айкөркем Жұмалы;
«Үздік авторлық көзқарас» - Әбілмансур Жарылқасын;
«Болашаққа батыл қадам» - Аңсаған Даулетқызы;
«Заманауи ойлау үлгісі» - Санай Кенжетай;
«Авторлық көзқарас» - Гаухар Ібіжан;
«Үздік жас зерттеуші көзқарасы» - Бейбарыс Абуов;
«Ең әсерлі эссе» - Мөлдір Қанатқызы;
«Көшбасшылық идеясы үшін» - Лариса Нефедова;
«Ғалымның үздік көзқарасы» - Бахыткуль Байхожаева;
«Жоғары азаматтық ұстанымы үшін» - Бэлла Бокова;
«ЕҰУ дамуына үздік ұсыныс» - Сарбиназ Кылышпаева;
«Үздік болашақ идеясы» - Жанаргуль Азкенова;
«Үздік әсерлі ойлау эссесі» - Альбина Ермуханова.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға белсенділігі мен шығармашылық көзқарасы үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің тың идеяларыңыз бен ұсыныстарыңыз - университетіміздің жарқын болашағына қосылған маңызды үлес.
Ең қызықты жұмыстарды ЕҰУ стратегиялық хабының веб-сайтында көріп, танысуға болады https://emerald-sulfur-d79.notion.site/33ee8193b819801eb342e1951c71df28
Баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!
