
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының магистранттары Шанхайдағы халықаралық Мәдениет күнінің жарқын қатысушылары болды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының магистранттары Асхатова Бахтыгүл мен Кужахметова Гүлнұр Шанхай саясат және құқық университетінде өткен Мәдениет күніне арналған іс-шараға қатысты.
Бағдарлама аясында магистранттар мен түрлі елдердің өкілдері қонақтарды өз халықтарының ұлттық мәдениетімен, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырды.
Университет аумағында Орталық Азия елдерімен қатар Қытай, Ресей, Моңғолия, Лаос, Индонезия, Әзербайжан, Армения және басқа да мемлекеттерді таныстырған тақырыптық павильондар ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлттық тұрмыстық бұйымдар, әшекейлер, дәстүрлі мәдениет элементтері мен ұлттық тағамдар ұсынылған арнайы көрме стендтерін дайындады. Қонақтардың ерекше назарын концерттік бағдарлама аударды. Қатысушы елдердің өкілдері сахнада ұлттық билерін орындап, өз халықтарының дәстүрлі киімдерін таныстырды.
Іс-шара студенттерге әртүрлі мемлекеттердің мәдени әралуандығымен танысуға, тәжірибе алмасуға және жаңа халықаралық байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. ЕҰУ магистранттарының осындай іс-шараларға қатысуы мәдениетаралық диалогтың дамуына, халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына және Қазақстан мен Қытай университеттері арасындағы білім беру байланыстарының кеңеюіне ықпал етеді.
