
ЕҰУ-де «Өндіріс пен білім беруді интеграциялау арқылы цифрлық білім беруді дамыту» форумы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Өндіріс пен білім беруді интеграциялау арқылы цифрлық білім беруді дамыту: өңірлік синергия негізінде Жібек жолы таланттарын бірлесіп даярлау» атты халықаралық форум өтті.
Форум аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры Ерлан Сыдықов және Нанкай университеті вице-ректоры Шэн Бин қатысуымен «ЕҰУ–Нанькай халықаралық бірлескен зерттеу орталығының» ресми ашылу рәсімі өтті.
Аталған орталық университеттер арасындағы ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың институционалдық негізі болмақ. Сонымен қатар, орталық «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасына тиесілі Нанкай университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
