
2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша магистранттармен кездесу

Кафедра мен университеттің жұмыс жоспарына сәйкес 2025–2026 оқу жылы ішінде 1 және 2 курс студенттерінің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру және сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.
Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, даярлық сапасын арттыру, студенттердің кәсіби және мәдениетаралық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша консультациялар өткізілді, серіктес жоғары оқу орындарының талаптарымен, құжаттарды рәсімдеу ережелерімен, сондай-ақ кредиттерді қайта есептеу ерекшеліктерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Есептік кезең ішінде студенттерге келесі қолдау түрлері көрсетілді:
серіктес жоғары оқу орындарын таңдауға кеңес беру;
жеке оқу жоспарын құрастыруға көмек көрсету;
құжаттарды дайындау барысында сүйемелдеу;
академиялық талаптар мен оқу ережелерін түсіндіру;
академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттердің оқу үлгерімін бақылау.
Жалпы алғанда, студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша жұмыс қанағаттанарлық деңгейде жүргізілді. Студенттердің академиялық алмасу бағдарламаларына қатысуы білім беру сапасын арттыруға, кәсіби құзыреттерін дамытуға және университеттің халықаралық интеграциясын нығайтуға ықпал етеді.
