
ЕҰУ магистранттары — РҒЗЖ республикалық конкурсының жеңімпаздары

2025 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистранттары «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына қатысты.
Өткізу орны: Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қаласы
Өткізу уақыты: 2025 жыл
I дәрежелі диплом
Серикова Зарина Қайратқызы
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «5–8 сынып оқушыларына қосымша білім беруде садақ ату дағдыларын енгізу үдерісіндегі педагогикалық тәсілдер».
Ғылыми жетекшісі — педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Усина Жанар Амангелдіқызы.
Жұмыс 98 ұпай жинады.
III дәрежелі диплом
Ивко Ирина Владимировна
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Жоғары спорттық шеберлік кезеңіндегі спорттық бағдарлаудағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу».
Ғылыми жетекшісі — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Салиева Айгүл Жанаевна.
Жұмыс 80 ұпай жинады.
