
2026 жылғы 28 мамырда «Туризм» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары, магистранттары және студенттері V Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен «Туризм саласындағы заманауи цифрлық шешімдер: ЕАЭО елдерінің тәжірибесі» атты панельдік сессияға қатысты.

2026 жылғы 28 мамырда «Туризм» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары, магистранттары және студенттері V Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен «Туризм саласындағы заманауи цифрлық шешімдер: ЕАЭО елдерінің тәжірибесі» атты панельдік сессияға қатысты.
Сессия барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің туризм саласындағы цифрлық платформалық шешімдерді енгізу тәжірибесімен алмасу арқылы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды. Бұл бағыт ЕАЭО шеңберіндегі туризмді дамыту тұжырымдамасында көзделген.
Спикерлер қатарында:
Мехак Апресян – Армян туризм федерациясының төрағасы;
Ернар Бәкенов – Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры;
Игорь Бойко – «Freedom Travel» компаниясының бас директоры;
Филипп Гулый – Туристік индустрия республикалық одағы басқармасының төрағасы (Беларусь Республикасы);
Никита Кондратьев – Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық және арнайы жобалар департаментінің директоры;
Кирилл Машарский – «Ұлттық туризм агенттігі» мемлекеттік мекемесінің директоры (Беларусь Республикасы);
Малика Молтоева – Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі жанындағы Туризм департаменті директорының орынбасары;
Нұрлан Мұқатаев – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры;
Рамон Помес Эрнандес – Куба Республикасы Туризм министрінің кеңесшісі;
Инна Рей – Қазақстан Республикасы Туроператорлар қауымдастығының президенті.
