
ЕҰУ қызметкерлері мансаптық кеңес беру саласында біліктіліктерін арттырды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің карьера және әріптестік бөлімінің эксперті Замзагуль Туспекова және карьера және әріптестік бөлімінің бас маманы Мөлдір Жолдасғалиева Назарбаев Университетінде өткен «Заманауи мансаптық кеңес беру және мансап орталығын басқару» тақырыбындағы алты күндік қарқынды тренингке қатысты.
Бағдарламаға Қазақстанның 14 жоғары оқу орнының мансап орталықтарының мамандары қатысып, студенттер мен түлектерді еңбек нарығына даярлаудың заманауи тәсілдерін, мансаптық кеңес беру құралдарын, еңбек нарығының негізгі трендтерін және жасанды интеллектіні мансаптық қызметке енгізу мүмкіндіктерін талқылады.
Тренинг барысында халықаралық және отандық сарапшылар мансаптық даму теориялары, еңбек нарығын талдау, дағдыларды бағалау, студенттердің мансаптық әлеуетін анықтау және білім алушылардың мансаптық траекториясын жекелендіру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Бағдарламаның қорытынды кезеңінде қатысушылар өз университеттеріндегі мансап орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған жобаларын ұсынып, сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Аталған бағдарлама университеттердің мансаптық қызметтерін дамытуға, үздік тәжірибелермен алмасуға, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және мансаптық қолдау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Тренинг нәтижесінде қатысушылардың кәсіби құзыреттері жетілдіріліп, мансаптық кеңес беру мен мансап орталықтарын басқару саласындағы біліктіліктері арттырылды.
Бағдарламаны сәтті аяқтағаны үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері сертификаттармен марапатталды.
