
ЕҰУ оқытушысы Ош мемлекеттік университетіндегі дөңгелек үстелде баяндама жасады

2026 жылғы 21 мамырда Ош мемлекеттік университетінің Жоғары халықаралық білім беру бағдарламалары мектебінің Еуропалық және америкалық интеграция бөлімшесінің бастамасымен онлайн форматта «Әлеуметтік білім беру цифрландыру дәуіріндегі халықаралық интеграцияның элементі ретінде» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Халықаралық ғылыми іс-шараға Қырғызстан, Қазақстан және Испания университеттерінің профессорлары мен ғалымдары қатысты. Аталған дөңгелек үстел жұмысына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы, PhD Р.Т.Хасенова қатысты. Іс-шара барысында білім беруді цифрландыру, инклюзивті білім беру ортасын дамыту, халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел аясында Р.Т.Хасенова «Цифрландыру және инклюзивті оқыту жағдайындағы білім беру коммуникациясының семиотикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада семиотика тұрғысынан білім беру коммуникациясын талдаудың заманауи тәсілдері, цифрлық білім беру ортасындағы мағына қалыптастыру және интерпретациялау мәселелері, сондай-ақ цифрландыру жағдайындағы мультимодалды және инклюзивті коммуникация ерекшеліктері қарастырылды. Халықаралық онлайн дөңгелек үстелге қатысу Қазақстан, Қырғызстан және Испания ғалымдары арасындағы ғылыми диалогты дамытуға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
