
Докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептері тыңдалды

2026 жылғы 28 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физикалық және экономикалық география кафедрасында 2025–2026 оқу жылының 6-семестрі бойынша 3-курс докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылауға арналған отырыс өтті.
Отырыс барысында докторанттар докторлық диссертация тақырыптары бойынша жүргізілген зерттеулердің негізгі нәтижелері мен қорытындыларын таныстырды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми жұмыстардың мазмұны, зерттеу әдістері, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы және жарияланымдарды дайындау мәселелері бойынша ұсыныстар мен пікірлер білдірді.
Талқылау барысында докторанттардың ғылыми зерттеулерін одан әрі жетілдіру, диссертациялық жұмыстардың сапасын арттыру және ғылыми мақалаларды жариялау бағытында нақты ұсыныстар айтылды. Кафедра меңгерушісі Егинбаева Айгуль Есенгалиевна докторанттарға докторлық диссертацияларды алдын ала қорғауға дайындық талаптары мен белгіленген мерзімдер жөнінде ақпарат берді.
Отырыс ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысын бағалап, докторанттардың диссертациялық зерттеулерін одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындады.
