
ИСЛАМ ТАРИХЫ, ӨНЕРІ, МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ IRCICA БАС ДИРЕКТОРЫ PROF. MAHMUD EROL KILIC МЫРЗАМЕН КЕЗДЕСУ

2026 жылдың 18-мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы Түркия мемлекеті Стамбул қаласындағы Ислам ынтымақтастық ұйымының жанындағы ислам тарихы, өнері, мәдениетін зерттеу орталығы IRCICA бас директоры профессор Mahmud Erol Kilic мырзамен кездесті.

Профессор Mahmud Erol Kilic мырзамен қатар кездесуге ғалым, шығыстанушы, бүгінгі күні IRCICA орталығында ислам тарихын зерттеп жүрген Муминов Әшірбек Құрманұлы да қатысты.
Профессор Mahmud Erol Kilic өзі басқарып отырған орталықтың ғылыми әлеуеті мен ғалымдардың еңбектері, зерттеу бағыттары мен ғылыми ресурстардың қолжетімділігі жайында кеңінен ақпараттар берді.
Кездесу барысында тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Бекмағанбетов Өмірбай Жолдыбекұлы факультет жайлы мағлұматтар бере келе, білім алушылардың ғылыми-зерттеу бағытары жайлы ойымен бөлісті.

Ал Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Сейтказина Құралай Отаубайқызы іс-шара барысында ғалымдардың еңбектерінің ғылыми маңыздылығы туралы ой-пікірлерін айта келе, қонақтарға алғысын білдірді.
